
Өскемен қаласында күш құрылымдары арасында спартакиада өз жалғасын табуда. Бұл жолы 7 команда арқан тарту бойынша бақ сынасты.
Жарыс барысында қатысушылар табандылық пен жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті. Қызу өткен бәсекенің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірінші орынды иеленді. Бұл олардың кәсіби шеберлігінің, спорттық дайындықтарының және мақсатқа жетудегі табандылықтарының айғағы болды.
Мұндай спорттық іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтауға, мәдени мұраны дәріптеуге, сондай-ақ ұжымдық рух пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан да жарыстар жоғары деңгейде және ерекше ынтамен өткізілуде.