Жаңа буын – сапта

Жаңа буын – сапта

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектері оқуын аяқтап, азаматтық қорғау лейтенанты шенін алғаннан кейін өз қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті.  Шемонаиха қаласындағы №28 өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау лейтенанты Бекзат Тұрсынұлы құтқарушы болып қызмет етеді. Қызметін бастағанына бірнеше ай ғана болса да, Бекзат өзін жауапкершілігі жоғары, тәртіпті офицер ретінде көрсете білді, бірнеше ірі өрттерді сөндіруге қатысты. 2025 жылдың қазан айында Шемонаиха қаласындағы ЖШС аумағының бірінде гранулятор цехының ішінде төбе жабындысының ағаш конструкциялары  мен жылу оқшаулағышы жылытқыш материалы жанған.  Кезекші құрамының әріптестерімен бірге Бекзат өртпен күресіп, олардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толық сөндірілді.

2025 жылы 1 қарашада Октябрь аумағындағы ЖШС-де күнбағыс дәндері бар кептіру агрегеты өртенді. Бекзат Тұрсынұлы ол кезде кезекшілікте болды, өрттің күрделілігіне қарамастан, бөлім қызметкерлерімен бірге тапсырманы сәтті орындады.

Санжар Мағазыұлы — Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі. Ол Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатарына қосылды. Қызметке кіріскеннен кейін Санжар көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде өз кәсібилігін көрсете білді. Санжар әріптестерімен бірге жеке тұрғын үй секторындағы өртті сөндіруге қатысты. Өрт кезінде ол тез және нақты әрекет етіп, тұрғын үйдегі газ баллонының жарылу қаупінің алдын алды.

Балабақша ғимаратында қысқа тұйықталу салдарынан болған оқиға кезінде балаларды эвакуациялауға қатысты.

Академия түлектері атап өткендей, оқу барысында алған білімдері қызмет барысында үлкен пайдасын тигізуде. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы көп жылдан бері азаматтық қорғау кадрларын даярлайтын ұжым болып табылады.

Академияға түсуге қалаған әрбір азамат, соның ішінде қыздар да мүмкіндікке ие. Академияға күндізгі оқу түріне қабылдау төрт кезеңнен тұрады: Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы үміткерлердің оқу құжаттарын қарайды, екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық тексеру жүргізіліп, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамдылығы анықталады, үшінші кезеңде дене дайындығы бойынша нормативтерге сәйкес сынақ тапсырылады, төртінші кезеңде конкурс өткізіліп, курсанттар қатарына қабылдау жүзеге асырылады.