
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні – ШҚО ТЖД байланыс мамандары үшін де кәсіби мереке болып табылады. Ведомство құрылымында төтенше жағдайлар кезінде тұрақты байланысты қамтамасыз ететін, бөлімшелердің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайтын бөлім бар.
Күнделікті қызмет барысында информатизация, цифрландыру және байланыс бөлімінің мамандары төтенше жағдайлар туралы дабыл мен ақпараттарды қабылдау және таратуға дайындықтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың жою барысын бақылайды. Бұл – қарапайым тұрғындарға көзге көрінбейтін, бірақ олардың еңбегінсіз ведомство толыққанды жұмыс істей алмайтын мамандар. Егер олар болмаса, құтқарушылар радиобайланыс арқылы ақпарат алмаса еді, халық төтенше жағдайлар мен қабылдануы тиіс шаралар жөнінде хабардар болмас еді, электронды ақпараттық жүйелер де жұмыс істемес еді.
Ел Президенті қойған міндеттерді орындау және цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру мақсатында ШҚО ТЖД байланыс мамандары өз кәсіби деңгейін үздіксіз арттырып, заманауи байланыс құралдары мен ақпараттық технологияларды қолдануда.
Биыл жергілікті бюджет есебінен 33 дана сиреналы-дауыс зорайтқыш құрылғылары орнатылды, оның 8-і аудандық әкімдіктер қаржысы есебінен жүзеге асты. Бұл құрылғылар облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарына орнатылды.
Халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету мақсатында кабельдік телевидение операторларының хабар тарату жүйесі енгізілді. Телехабар тарату жүйесі арқылы облыс тұрғындары төтенше жағдайлар, дауылды ескертулер және өзге де маңызды ақпараттар туралы жедел түрде хабар ала алады.
Биыл «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешенінен алынған бейнебақылау камераларының сигналы ТЖД жедел кезекші пультіне қосылды. Бұл кешен арқылы өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, түрлі төтенше жағдайларға өртте әрекет ету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
ШҚО ТЖД информатизация, цифрландыру және байланыс бөлімі биыл «Toyota Hilux» базасындағы жедел әрекет ету автомобилімен қамтамасыз етілді. Көлік спутниктік байланыс және деректерді беру терминалымен, бейнеконференция жүйесімен және ұшқышсыз әуе құрылғысымен жабдықталған.
Бөлімнің мамандары – төтенше жағдайлар саласында тәжірибесі мол,
білікті офицерлер мен қызметкерлер.