
Шығыс Қазақстанда жаңартылған нормативтік-құқықтық база бойынша бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізуге дайындық басталды.
ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында бастықтың орынбасары Ринат Имашевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді. Басқарманың инспекторлық құрамымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру тәртібіндегі өзгерістерге қатысты заңнамалық инновациялар қаралды және егжей-тегжейлі талқыланды.
Басқарманың жауапты қызметкерлері тағайындалды және мыналарды қамтитын іс-шараларды орындау мерзімдері белгіленді: кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін өзектендіру, әкімшілік айыппұлдарды ресімдеу үшін планшеттерді сатып алу және баптау, қажетті тіркеу журналдарын жүргізу.
Қабылданған шешімдер өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Нормативтік-құқықтық базаның жаңартылған талаптарына сәйкес бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізуге тиімді және уақтылы дайындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.