
ВӨскеменде Виноградов көшесіндегі 10 қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді.
Келген құтқарушылар түтін басқан кіреберістен жедел түрде 15 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Өрт 15 шаршы метр ауданда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады