
ШҚО ТЖД мәліметі бойынша күзгі мерзім басталғалы облыста балық аулау кезінде 2 оқыс оқиғалар тіркелді,себебі қауіпсіздік ережелерді сақтамау болып табылады.
Әсіресе ішімдік, балық аулау кезіндегі қатты жел, қайықпен балық аулау кезінде құтқару жилетінсіз болу, түнгі уақытта балық аулау секілді “қалыптан тыс” жағдайлар өте қауіпті.
Шығыс Қазақстан құтқарушылары суда жүзе білмейтін азаматтар үшін қайықпен балық аулау қауіпті екеніне назар аударды!
Балық аулауды жақсы көретіндерге өзімен бірге зарядталған ұялы телефон болуы және су айдындарына шықпас бұрын өзінің орналасу орнын жақындарына хабарлап айту керек.
- құтқару жилетін киюді ұмытпаңыз;
- қайықтың жай-күйін ертерек тексеріңіз;
- қатты жел мен толқынға қайықты бір жағынан қоймаңыз
- қайыққа артық жүк салмаңыз;
- көру мүмкіндігі төмен және қараңғы уақытта суға шықпаңыз;
- өзіңіз отыратын орындағы қайықтың төменгі жағына артық жүк қоймаңыз: қажетті құрал-жабдықтар мен керекті заттарды қайықтың жақтауларына ұқыпты етіп орналастырыңыз.
Егер қайық аударылып, оқыс оқиға болып қалса, қайыққа қарай көтерілуге тырыспаңыз,өйткені бұл жағдайда кез-келген қайық тұрақты емес. Өз-өзіңізді жоғалтып алмай, қайыққа мініп, аяқпен жұмыс жасап,құрғақтау жерге оны алып шығыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмері арқылы хабарлаңыз