Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау

Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау

Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің талдауына сәйкес, жылыту кезеңінің басталуымен  тұрғын үй  секторындағы  өрттердің саны артып  келеді. Бұның себебі пешпен  жылытуды пайдалану  кезінде өрт  қауіпсіздігі ережелерін жиі  бұзуда болып отыр.  2018 жылы ауданда 68 өрт тіркеліп,  оның шығыны 97,5 миллион теңге құрады, ал  2019 жылы 58 өрт тіркелді, келтірілген залал 153 млн.  теңгені құрады, бұл 56,92% - ға көп, сондықтан барлық аудан тұрғындарына өрттің қалай алдын алуға болатындығын еске салу өте маңызды. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Үржар ауданының ПЧ-17, ПП-54 жеке құрамдарымен 22062   адамды   қамти  отырып, 12225 аула араланды.

2018 жылы Үржар ауданы әкімдігінің бақылауындағы аумақта улы газ датчиктерін сатып алудың қолдауымен ТЖ бөлімімен 2019 жылы көп балалы аз қамтылған отбасыларға 30  улы газ  датчиктері орнатылды, Шығыс Қазақстан облысы ТЖ Департаментінің көмегімен ауданда 2020- жылдың жаңа жылыту кезеңі қарсаңында 130 датчиктері орнатылды.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен  200  улы газ датчиктері   жеткізілді.

ТЖ бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамы және өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы ауданның көп балалы және аз қамтылған отбасыларының тұрғын үйлерінде улы газ датчиктерін орнатты. Улы газ сигнализаторы ауаны ондағы улы газдың бар-жоғын тексереді, егер концентрацияның жоғары деңгейі анықталса, дабыл сигналы беріледі.Егер сигнал беруші іске қосылса, сіз жасыл жарық диодының әр секунд сайын 1 минут бойы жыпылықтағанын көресіз, ол LCD дисплейінде болады, көміртегі тотығының концентрациясының ең жоғары мәні көрсетіледі, ол іске қосылған кезде расталады.

Алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде ерекше назар, улы газдатчиктері орнатылған үйлерге аударылады. Сауалнама жүргізіліп улы газ датчиктерінің  артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Датчиктерді орнату бойынша бірнеше рет ББП №17 ӨСБ, № 54 ӨБ пультінде тек  ғана алғыс сөздер түсті. ТЖ бөлімінің қызметкерлері -  біз үшін алғыс сөздерді естудің өзі екі есе  ғанибет, кішкентай ғана зат,  өзімен бірге соншама құтқарылған өмірлерді алып жүруде.

 Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі