Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Көкпекті ауданы су ресурстарына бай болып келеді. Аудан аумағында облысымыздың ең ірі су айдыны Бұқтырма су қоймасы орналасқан. Оның жағалау ұзындығы жүз километрден асып түседі. Жыл бойы облысымыздың әр түкпірінен мыңдаған балық аулау әуесқойлары осы су қоймасына келіп өздерінің сүйген істерімен яғни балық аулаумен айналысады. Жыл сайын олардың кейбіреуі  бақытсыз жағдайларға ұшырап, тіпті қаза болып жатады. Мысалы былтыр 2 әуесұой балықшы  палатканың ішінде ақаулы газбен жылытылатын құралды пайдалану кезінде иіс тиіп  қаза болған. Олардың өліміне спирттік ішімдіктерді пайдалану да өз әсерін тигізген.  Биылғы қыста 64 жастағы облыс орталығының тұрғыны өз көлігімен жалғыз балық аулауға келіп бұрғасын кезінде адасып Казнаковка өткелінің маңындағы жағадағы қамыс ішінде қатып қалған болатын

Көкпекті ауданының ТЖБ қызметкерлерімен осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Үстіміздегі жылдың 07 қазанында Самар ауылының балық аулауға арналған жабдықтар сататын сауда орындарында профилактикалық жадынамалар таратылды . 

Бақытсыз жағдайға апаратын оқиғалар өте көп. Олардың алдын-алу үшін не істеу қажет?

  1. Жағада немесе су бетінде алкогольды ішімдіктерді ішуге жол бермеңіздер.
  2. Балық аулауға жалғыз бармаңыздар. Жағада біреу қалып сіздің келуіңізді тоссын.
  3. Палаткалардың ішінде жылыту құралдарын пайдалану кезінде абай болыңыз. Зауытта жасалған құралдарды пайдаланып оларды пайдалану нұсқаулықтарын мұқият танысып орындаңыз.Горелкалар және тағы басқа жылыту құралдарын үнемі бақылауда ұстаңыздар. Жұмыс істеп тұрған жылыту құралдары тұрған палатканың ішінде ұйықтауға жол бермеіңіздер.
  4. Үрлемелі қайықпен жүзіп бара жатқанда спинингті катушкалар мен ілгіштерді абайлап пайланыңыз.
  5. Қайықты шамадан тыс жүктемеңіздер.
  6. Қайықпен жағадан алыстамаңыз және міндетті түрде құтқару жилетін киіңіз.
  7. Балық аулайтын жерді таңдаған кезде ластанған және тайғақ жерден аулақ болыңыздар.

Көкпекті ауданының ТЖБ