
Көкпекті ауданының ТЖБ бас маманы Р.Т.Ахметзаки Самар әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша нұсқаулық жүргізді. Осы мекеменің қызметшілері халықтың аз қозғалатын топ мүшелеріне яғни мүгедектер мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге әртүрлі әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатындықтан қызметкерлерге өрт қауіпсіздік талаптарын білу өте қажет. Өйткені әлеуметтік қызметшілер жоғарыда көрсетілген топтың мүшелері тұратын тұрғын үйлерге үнемі барып тұрады және олардың кеңестерін тұрғындардың құлақ асуы жоғары. Нұсқаулық кезінде жылыту маусымы кезінде сақталуға қажетті қауіпсіздк талаптары туралы айтылды. Сонымен қатар Әубәкіров көшесінде тұратын 81 жастағы Зинаида Сергеевнаның үйінде улы газды анықтайтын арнайы датчик орнатылды. Құрметті облыс тұрғындары егде жастағы қарт адамдарды жалғыз қалтырмаңыздар, олар тұрып жатқан үйлердің өрт қауіпсіз жағдайынүнемі бақылаңыздар, жылыту пештерін ыстан тазалауды ұмытпаңыздар.
Көкпекті ауданының ТЖБ