
Өрт сөндіру көліктері, арнайы форма, заманауи жабдықтар, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы-осының бәрі балалар үшін дайындалған қаіупсіздік шаралары мен білім беру бағдарламасының бір бөлігі болды. Мұндай ашық есік күндері ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығы аясында облыстық ТЖ департаменті тарапынан ұйымдастырылды.
Осындай қызықты кездесулер кезінде балалар тек бақылап қана қоймай, техникамен танысып, өрт сөндірушілердің киімін киіп көрді, сұрақтар қойып, төтенше жағдайлар кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйренеді.
Құтқарушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар – балалардың болашақ мамандық таңдауына әсер ететін алғашқы қадам. Олар өмірін ізгі мамандықпен байланыстырып, болашақта адамдарға көмек көрсету туралы ойлай бастайды.
Сондай-ақ, оқушылармен ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуге бағытталған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.