Өскемен қаласында құтқарушыларға арналған мурал ашылды

Өскемен қаласында құтқарушыларға арналған мурал ашылды

«ТЖМ-ның 30 жылдығы» аясында Өскемен қаласында мурал ашылды. Бұл арт-нысан құтқарушылардың асыл мамандығына арналған және облыс орталығының ең ірі әрі адам көп жүретін аудандарының біріндегі көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне салынды. Құтқарушылардың жұмысы әрдайым қауіп-қатермен байланысты болғандықтан, муралда өрт сөндіру мен төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқару сәттері бейнеленген.

Мурал ШҚО ТЖД бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалды. Суретшілер туындыны бірнеше күн бойы салып, ерекше еңбек сіңірді. Ашылу рәсіміне қызмет ардагерлері мен құтқару қызметінің қызметкерлері қатысты.

Бұл мурал бүгінгі күннің батырларына деген құрметтің белгісі болып, асыл мамандықты дәріптеудің көрінісіне айналды.