Құтқарушылар Ашық есік күндерін өткізеді

Құтқарушылар Ашық есік күндерін өткізеді

ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығы аясында ШҚО ТЖД-да іс-шаралар жалғасуда. Жедел-құтқару жасағында Ашық есік күні өтті. Мектеп оқушылары апаттық-құтқару құралдарымен, зардап шеккендерді іздеуге арналған дрондармен, құрал-саймандармен және заманауи Төтенше жағдайлар қызметі автопаркімен танысты. Балалар құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін киіп көрді, төтенше жағдайларда көмекке келетін арнайы техникада отырды және азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет атқаратын кинологиялық есептен лабрадорлармен кездесті.
Құтқарушылар болашақта төтенше жағдайлар қызметінің қатарын қалай толықтыруға болатынын да айтып берді.