
Сенбілік Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы аясында және «Планетаны тазартамыз» акциясы шеңберінде өткізілді. Құтқарушылар бекітілген аумақтарды санитарлық тазалаудан өткізіп, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шара жұмыс және позитивті атмосферада өтті, ұжымның бірігуіне, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
Көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша экологиялық сенбіліктер ТЖМ қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналды. Олар мұндай шараларға белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлестерін қосуда.