
ТЖМ еріктілерді даярлауға және оқытуға, олардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою дағдыларына ерекше назар аударады. ШҚО ТЖД базасында төтенше жағдайларда іс-қимылдарды іс жүзінде игеру үшін облыстың волонтерлік ұйымдары кедергілер жолағынан өтуге қатысты. Командалар өртті шартты түрде сөндіріп, зардап шеккендерді іздестірді. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге және жарақаттанғандарды тасымалдауға ерекше назар аударылды, бұл құтқару операцияларында өте маңызды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Зайсан ауданы Жастар ресурстық орталығының еріктілері, екінші орынды Қазақ Американдық еркін университетінің командасы, үшінші орынды «Amanzholov Jastary» еріктілері алды.
Іс-шара барысында ҚР ТЖМ апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлері еріктілер үшін арнайы оқыту шеберлік сабақтарын өткізді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын волонтерлік ұйымдар – бұл кәсіби құтқарушыларға нақты көмек, ал жастар бірлестіктері туралы сөз болғанда – бұл болашақ құтқарушылардың резерві.