Құтқарушылар ер есімін ұлықтады

Құтқарушылар ер есімін ұлықтады

Өскемен қаласында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан құтқарушы Алмас Мусақановтың құрметіне арналған футзал турнирі өтті.
Жарысты құтқарушының ата-анасы ашты, олар сөз сөйлеп, турнир ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді
Спорттық сайысқа 8 команда қатысты.
Жылдамдық, ұжымдық жұмыс пен жеке шеберлік, соғылған голдың қуанышы – құтқарушылар алаңда да, апатпен күрестегідей, бар күш-жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды – мамандандырылған жасақ, екінші орынды – №9 өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды – №8 өрт сөндіру бөлімі иеленді.
Үздік ойыншы - Өскемен қаласы ТЖБ Мамандандырылған жасағының аға нұсқаушы-құтқарушысы Туысхан Кирис болды.
Үздік шабуылшы - Аслан Советов, Мамандандырылған жасақтың аға нұсқаушы-құтқарушысы.
Үздік қорғаушы - Дамир Советхан, Өскемен қаласы ТЖБ 9-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Үздік қақпашы - Фархат Тоқтарханов, Өскемен қаласы ТЖБ 8-ӨСБ-нің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Алмас Мусақановтың есімі әріптестерінің, жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады. Мұндай шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың дамуына үлгі болады.