
1993 жылы туған әйелге шұғыл көмек қажет болды. Тәжірибелі ұшқыштар Олег Альфеев пен Сергей Пинигин санитарлық авиация бригадасының дәрігерлері Марат Куксегенов, Айгүл Кудербаева фельдшер Бек Асаубаевпен бірге "Өскемен-Алтай" бағыты бойынша ұшуды жүзеге асырды.
Сыни жағдайларда пациенттің өмірін сақтау қажет болған кезде уақыт шешуші рөл атқарады. Сондықтан ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" әуе кемелері шұғыл жағдайларда көмекке келеді және азаматтарды тасымалдауды жүзеге асырады, бұл әсіресе шалғай аудандардың тұрғындары үшін маңызды.