ШҚО құтқарушылары өрт сөндіруге арналған жаңа техниканы көрсетті

ШҚО құтқарушылары өрт сөндіруге арналған  жаңа техниканы көрсетті

Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында пәтер өртенді — мұндай оқу-жаттығу сценарийін ШҚО ТЖД құтқарушылары пысықтады. Кәсіби мерекелерінің қарсаңында, ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына орай, олар мақтан тұтарлық жетістіктерін және өртпен күрес пен азаматтарды құтқаруға арналған техниканың қаншалықты жетілдірілгенін көрсетті.
Құтқарушыларға көмекке техникалық сипаттамалары жақсартылған, қуатты сорғылармен және өрт сөндіруге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа автосуарғыштар келіп түсті. Өрт сөндіру заттарын беру ұзақтығы арттырылып, сөндіру аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Шартты зардап шеккендер заманауи автосаты және буынды көтергіш техникасының көмегімен эвакуацияланды, ал өзге тұрғындар қауіп аймағынан оттегі берілетін құтқару капюшондары арқылы шығарылды.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар медицина орталығының дәрігерлері арнайы реанимобильмен келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Реанимобильде реанимациялық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік беретін жабдық орнатылған.
Бүгінгі таңда құтқарушылар өртті бастапқы сатысында жоюға мүмкіндік беретін жаңа «Vario» өрт сөндіру қондырғысын белсенді қолдануда.
Оқу-жаттығу барысында «Toyota Hilux» базасындағы заманауи байланыс және жедел әрекет ету автокөлігі де көрсетілді. Онда спутниктік, телефон, радио және дауыс зорайтқыш байланысы, сондай-ақ ақпаратты бейне түрінде беру және көрсету құралдары орнатылған. Бұл жедел штабты орналастыруға, төтенше жағдай орнынан бейнежазба жіберуге және халықты дер кезінде хабардар етуге мүмкіндік береді.