ТЖМ ұшқыштары әрқашан көмектесуге дайын

ТЖМ ұшқыштары әрқашан көмектесуге дайын

Кезекті шұғыл ұшудың мақсаты Риддер – Өскемен бағыты бойынша жедел тасымалдауды қажет еткен нәрестені жеткізу болды.

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин мен Олег Алфеев МИ-8 тікұшағын ұшырып, облыстық Ана мен бала орталығының дәрігері Ботагөз Ақашева және санитарлық авиацияның фельдшері Бек Асаубаевпен бірге тапсырманы тез орындады. Ұшу еш қиындықсыз өтті.

Санитарлық авиациясы өмірлік маңызды миссиясын орындауды жалғастыруда.