Шығыс Қазақстанда "Қауіпсіздік мектебі -2025" жарыстары өтті

Шығыс Қазақстанда  "Қауіпсіздік мектебі -2025" жарыстары өтті

Облыстың түкпір-түкпірінен келген оқушылар кедергілер жолағын еңсеруде, үйінділер мен түтін аймақтағы іс-қимылдарда, шартты өртті сөндіруде, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуде және кешенді-күш жаттығуларында бақ сынасты. Жарысты ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті және Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қатысушылар Төтенше жағдайлар кезіндегі шеберлік, жылдам әрекет ету және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Жас құтқарушылар қиын міндеттерді сенімді түрде шешіп, жеңіске ұмтылды.
Егер күтпеген жағдай орын алса, ұлдар мен қыздар досын қиыншылықта қалдырмайды, өйткені олардың әрқайсысы жасына қарамастан, адамды қалай құтқаруды, алғашқы көмек көрсетуді және төтенше жағдайлар келгенге дейін ұстауды біледі.

Жарыс ҚР ТЖМ 30 жылдығы аясында өтті.
"Жарыстың мазмұнды бағдарламасы әр қатысушыға өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік берді: ептілік, тапқырлық, командада жұмыс істей білу, жылдамдық және қауіпсіздік ережелерін білу. Мұндай іс – шаралардың маңызды аспектісі-балаларға өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан қалай қорғану керектігін үйрету. Бүгін алаңда ең үздік жас құтқарушылар - барлық сынақтар мен дайындықтардан өткендер кездесті. Болашақта олардың көбі өздерін құтқарушылардың батыл кәсібінен табады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Оралхан Бөкей атындағы Глубокое ауданының оқушылары жеңімпаз атанды, жас құтқарушылар арасында екінші орын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Алтай ауданы мектептері.
Үшінші орынды облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің оқушылары иеленді.