
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында бүгін бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні аясында кәсіпкерлермен Zoom-кездесу өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметті тексеру кезінде жиі анықталатын құқықбұзушылықтар мәселелері қаралып, оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар берілді.