
Облыс аумағында сел қаупі 144 мореналық көлдермен (Катон – 98, Зайсан – 16, Риддер – 30) және 4 ауданның 13 өзен бассейндерінде орналасқан 13 сел ошағымен байланысты. Бұл ошақтар 11 елді мекенге сел қаупін төндіреді. Сонымен қатар, 9 сырғыма қаупі бар ошақ тіркелген (Алтай – 3, Риддер – 2, Катон – 3, Зайсан – 1).
Жаз мезгілінде Катонқарағай ауданындағы және Риддер қаласындағы мореналық көлдерге геология саласының мамандарымен бірлесіп зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде сел жүретін қауіп белгілері немесе қирау жағдайлары анықталған жоқ.
15 мамырдан басталған сел қаупі кезеңінде өңірде ахуалды бақылау үшін арнайы штаб жұмыс істеді. 9 маусымдық және 1 тұрақты (Сарымсақты) гидропост жұмыс істеді. Сел немесе сырғыма жағдайлары тіркелген жоқ.
2025 жылғы 19 қыркүйектен бастап сел қаупі маусымы ресми түрде аяқталды. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы жағдай тұрақты.