Биік тауда құтқарушылар шетелдік туристерге көмек көрсетті

Биік тауда құтқарушылар шетелдік туристерге көмек көрсетті

ШҚО құтқарушыларына Белуха тауының етегіне көтеріліп, алайда өздігінен қайтып түсуге әлдері жетпеген туристер туралы ақпарат түсті. Орналасқан жерлері геолокация арқылы анықталып, байланыс үздіксіз жүргізілді.

МЧС құтқарушылары мен Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлерінен құралған бірлескен топ қиын таулы жағдайды еңсере отырып, туристерді болжамды тұрған жері теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктіктегі Көккөл тау көлінің маңында тауып, Язево өзенінде орналасқан лагеріне дейін жеткізді.

Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында құрамында Чехия Республикасының 3 азаматы болған жолаушыларды құтқару операциясы сәтті аяқталды.

ТЖМ тауға немесе жорыққа шыққанда міндетті түрде өзіңіздің координаттарыңызды «112» қызметіне қалдыру қажет екенін ескертеді.