
Серік Байгаринов 17 жылдан астам өмірін адам өмірін сақтап қалуға және өртті сөндіруге арнады. Осы уақыт аралығында қатардағы қызметкерден қарауыл бастығына дейін жүріп, жас мамандардың құрметіне бөленген тәжірибелі офицерге айналды.
Қарауыл бастығының жұмысы тек жоғары дене дайындығы мен кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар ең экстремалды жағдайларда тез және нақты шешім қабылдауды талап етеді. Қарауыл бастығы Байгаринов өртті және басқа да төтенше жағдайларды сөндіруде бірнеше рет ерлік көрсетті. Оның басшылығымен ондаған адамның өмірі, материалдық құндылықтар сақталып, өрттің ірі нысандарға таралуына тосқауыл қойылды. Ол үшін ең қиын және ең ірі өрт 2022 жылы болды, сол кезде 266 шаршы метр аумақта бір үйдің шатыры, шаруашылық құрылыстар блогы және екі көлік жалынға оранды. Өртті сөндіру тек үлкен аумаққа ғана емес, сонымен қатар көрші ғимараттардың жақын орналасуына байланысты қиындады. Қарауыл бастығының қарауылмен бірлесе алған тәжірибесі мен келісілген іс-әрекетінің арқасында өрттің көршілес аумақтарға таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Күрделі өртті жойғаны үшін Серік Байгаринов пен оның қарауылына алғыс айтылды.
Серік Байгаринов жұбайы Диана екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр. Салауатты өмір салтын ұстанып, футболға әуес, ұлдарының бойына да бала кезінен спортқа деген сүйіспеншілікті сіңірген.
Серік Байгаринов – азаматтық қорғаудың нағыз қызметкері қандай болу керектігінің жарқын үлгісі: қайсар, батыл және өз мамандығына адал.