
2020 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха ауданының ТЖБ бастамасымен Шемонаиха ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде адамдардың жиыны өткізілді. Жиынға Шемонаиха ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Н. Банникова, Шемонаиха ауданының ТЖБ бастығы К.С. Даиров, үйлерге әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің қызметкерлері, сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік-осал топтары үйлерінің тұрғындары мен олардың туыстары қатысты. Шемонаиха ауданының ТЖБ бастығы К.С. Даиров қатысып отырғандарға 2019-2020 жж. өткен жылу беру кезеңіндегі пештік жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын бұзушылығынан болған өрттер мен олардың салдарының статистикасын жеткізді. Азаматтарға пештік жылытуға қойылатын негізгі талаптарды түсіндірді. Сондай-ақ қатысып отырғандарға олардың үйлеріне орнатылған улы газды табу датчиктерінің жұмыс принципін және олардың іске қосылған жағдайдағы іс-әрекет тәртібін жеткізді.
Шемонаиха ауданының ТЖБ