
Олжас Адайқанов өрт сөндіруші мамандығын таңдап, 8 жылдан астам уақыт бойы Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет атқарып келеді.
Ол Марқакөл ауданындағы ірі орман өртіне қатысып, сондай-ақ бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде газ-түтіннен қорғау қызметінің құрамында болып, әйел адамды құтқарған.
Олжастың айтуынша: «Өрт сөндіруші болу үшін жақсы физикалық дайындық қажет, төтенше жағдайларда тез шешім қабылдай білу керек, пунктуалды, тәртіпті әрі стресске төзімді болған жөн», – дейді өрт сөндіруші-құтқарушы Олжас Адайқанов.
Қызметтен тыс уақытта Олжас сүйікті хоббиі – автокөлігін жөндеумен айналысады. Отбасында ол – жақсы әке, екі баласын тәрбиелеп отырған қамқоршы жар.
«Қиындықтан қорықпаймын, әрбір жағдай, әрбір шақырту жаңа нәрсеге үйретеді және қосымша дағдылар береді. Өз мамандығымды жақсы көремін және оның қазіргі заманда өте қажетті екеніне сенемін», – дейді Олжас.