
1953 ж.т. әйел Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының таулы-орманды алқабында саңырауқұлақ теруге кетіп, адасып қалған. Бірнеше сағат бойы ол үйіне баратын жолды өзі табуға тырысты. Қараңғы түсе бастағанда 112 құтқару қызметіне хабарласты.
Заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құтқарушылар әйелдің орналасқан жерін ұялы телефонының сигналы бойынша анықтады, телефон желі аумағында болған.
Іздеу тобы аумақты зерттеу үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын(дрон) қолданып, Асу-Бұлақ ауылына жақын таулы-орманды жерде әйелді тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Құтқару операциясына ТЖМ, орман шаруашылығы, полиция бөлімшелері мен ЖАО барлығы 14 жеке құрам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар азаматтарды қырағы болуға шақырады:
— орманға немесе тауға баратын маршрутыңыз туралы міндетті түрде 112 қызметіне хабарлаңыз,
— тәуліктің қараңғы уақытында елді мекендерден шықпаңыз,
— өзіңізбен бірге дәрі қобдишасын, жылы киім және қуатталған телефонды алыңыз.