
Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 30 жылдығы аясында ШҚО ТЖД психологтары Ана мен бала орталығында ерекше балаларды дамытуға бағытталған сабақтар өткізді.
Мақсат – эмоционалдық қарым-қатынасты дамыту, позитивті ойлауды нығайту және ойындық әрі арт-терапиялық іс-әрекет арқылы қуаныш сыйлау. Балалар тапсырмаларға белсенді қатысып, назар қойып, қызығушылық танытты. Сонымен қатар, ШҚО ТЖД психологтары костюмдік қойылым ұйымдастырып, сыйлықтар табыстады.