Шығыс Қазақстан облысында туристерді есепке алу жүйесі сәтті қолданылуда

Шығыс Қазақстан облысында туристерді есепке алу жүйесі сәтті қолданылуда

Шығыс Қазақстан – ерекше табиғатымен танымал өңір. Жыл сайын бұл аймаққа он мыңдаған турист келіп, ең әсем жерлерді аралауға асығады: байдаркамен жүзу, таулы бағыттармен серуендеу, атпен серуендеу, джип және велосипед турлар кең таралған. Алайда мұндай топтық сапарларға дайындықсыз шыққан адамдар жиі қателіктер жіберіп, төтенше жағдайларға тап болады.

Осыған байланысты туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары мен Цифрландыру басқармасы туристерді қашықтан тіркеу жүйесін әзірледі. Бұл жүйе өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда 35 туристік топ (170-тен астам адам) тіркеліп, ешқандай оқыс оқиғасыз саяхаттап қайтқан.

Тіркелу өте оңай - арнайы QR-кодты сканерлеп, турист маршрут, күн мен байланыс деректерін көрсете отырып онлайн-форманы толтырады. Бұл ақпарат бірден ШҚО ТЖД жедел орталығына түседі. Қажет болған жағдайда құтқарушылар жедел әрекет етіп, көмек көрсете алады.

Маршрут аяқталған соң турист өзін өзі есептен шығара алады немесе құтқарушылардың қоңырауын күтеді.

Жүйе қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыс істейді. Тіркеуден өтпеген туристер төтенше жағдайға тап болғанда іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып, құтқаруға кететін уақытты ұзартады. 

Биыл ШҚО құтқарушылары таулы-орманды аймақтарда адасып кеткен адамдарды іздеуге 16 рет шыққан.