
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты маңызды үндеуін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Президент Жолдауы – жылдың басты саяси оқиғаларының бірі. Онда Мемлекет басшысы ел дамуының басымдықтарын айқындап, қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған міндеттерді белгілейді.
Құтқарушылар үшін бұл ерекше мәнге ие, себебі олар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ел қауіпсіздігімен тікелей байланысты қызмет атқарады.
Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру міндеттері қозғалған Жолдауды тамашалағаннан кейін құтқарушылардың пікірлері оң әсерге толы болды.