Ұжым мақтанышы

Ұжым мақтанышы

Өсіп келе жатқан ұрпақты оқытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша өткізілген жиын барысында АҚБ аға офицері Алмас Байжуминов, АҚБ офицері Ерік Тұрсынғалиев және МӨББ аға инженері Мадина Сейтқамза Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттар өскелең ұрпақты қауіпсіздік мәселелеріне оқытуға қосқан үлестері, адал еңбектері және төтенше жағдайлардың алдын алудағы тиімді жұмыстары үшін табысталды.