Семей қ. ТЖБ "Дөңгелек үстел" өтті»

Семей қ. ТЖБ "Дөңгелек үстел" өтті»

          2020 жылғы 02 қазанда Семей қаласының ТЖ басқармасында БАҚ және ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 2020-2021 жылдардағы су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жылыту кезеңінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша "дөңгелек үстел" отырысы өтті.

           Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен жыл сайын Семей өңірінің су айдындарында оқиғаларды болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

            Кестеге сәйкес, 2020 жылдың 03 қазанынан бастап Семей қ.ТЖ басқармасы ЖПҚ, Семей қ. Білім бөлімі, Семей қ. 7-ҚБ-мен бірлесе отырып, еріктілерді тарта отырып, балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша балықшылармен рейдтік іс-шаралар, әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізуді жоспарлап отыр. Рейдтер барысында қауіпсіздік ережелері бойынша көрнекі жадынамалар таратылады.

            Уақтылы жүргізілген алдын алу іс-шараларының арқасында 2019 жылы Семей өңірінің су айдындарында балық аулау кезінде болған оқиғалар тіркелген жоқ.

            Семей қ. ТЖ басқармасы балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

         Жылыту кезеңінің мәселесі бойынша өрттердің санын азайту, өртте адамдардың қаза болуын болдырмау, сондай-ақ улы газбен уланудың алдын алу бойынша іс-шаралар мәселелері қозғалды. 

         2020 жылдың басынан Семей қаласында 278 өрт тіркелді, өткен 2019 жылмен салыстырғанда өрттің төмендеуі байқалады (401). Жыл басынан бері өрттерде 10 адам (ересектер) қайтыс болды 2019 жылы – 4., оның ішінде екі бала. Өрттерде 22 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала, қауіпсіз орындарға 395 ересек адам, 112 бала эвакуацияланды.

         Өрттердің негізгі саны тұрғын үй секторында болады. Бұдан шығатыны, басты фактор бұрынғысынша адами фактор болып қалуда, өрттердің шамамен 50%-ы адамның кінәсінен болады.

        Сондай-ақ, жылыту маусымында улы газбен улану қаупі артады. 2020 жылдың басынан Семей қаласында улы газбен уланудың 25 жағдайы тіркелді, онда 50 ересек адам, 19 бала зардап шекті, 4 адам (ересектер) қайтыс болды.

          2020-2021 жылғы жылыту кезеңінің басынан бастап улы газдан адам өлімімен аяқталған бірінші жағдай тіркелді. 

            ШҚО ТЖ департаментімен осы жылы Семей қ.жергілікті атқарушы органдардың ұсынған тізімдеріне сәйкес көп балалы және аз қамтылған отбасылардың , зейнеткерлердің 100 жеке тұрғын үйіне орнату үшін 150 улы газ датчигі бөлінді. Мысалы, 2019 жылы Семей қаласының әкімдігімен осы мақсатта 267 датчик, ал ШҚО ТЖД-дан 50 датчик бөлінді, олардың барлығы халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне орнатылды.

         Құрметті қала тұрғындары, пеш жабдықтарына немқұрайлылық мезгілсіз өлімге әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Сіздің пештеріңізге елеулі назар аударыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қайғылы салдарға ұшыратпау үшін оларды ретке келтіріңіз.

          Бүгінде Семей қаласы ТЖ басқармасының мамандары үшін өрт қауіпсіздігі, балық аулау кезіндегі қауіпсіздік, оның ішінде жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халық арасында мұз басу саласындағы білімді насихаттау – маңызды мемлекеттік іс. 

 

Семей қаласының ТЖ басқармасы