Абайла, улы газ!

Абайла, улы газ!

Ана үшін балаларының денсаулығы мен олардың жүздеріндегі қуаныштан, үйдегі жайлылық пен молшылықтан асқан құнды ештеңе жоқ. Бейбіт, уайым-қайғысыз өмір үшін, қазақстанымыздың жетістігі үшін, баспананың болуы, дастарқанның молшылығы және жарқын болашақ үшін қуаныш – бұл нағыз қуаныш, бақыт.

Қазақстан Республикасының Президенті: «мен үшін басты мақсаттардың  бірі – қазақстандық аналардың бақыты»,- деп атап өтті.

Қазіргі таңда президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда жаппай көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау күшейтілді, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде, әр отбасының өмірін жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бұл мәселені назардан тыс қалдырмады. Біз үшін, яғни азаматтық қорғау қызметкерлері үшін әрбір отбасының қауіпсіздігі, отбасындағы қайғылы және жазатайым оқиғаларға жол бермеу аса маңызды. Бірінші кезекте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Алдын алу жұмыстары әрдайым жүргізіліп отырады, атап айтсақ үгіт-насихат, аулаларды аралау, әңгімелесу, жаднамаларды тарату және т.б. Жылдың басынан бастап тұрғын үй секторларында үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 9000 аста үй араланып, 15000-нан аста үгіт насихаттау парақшалары таратылды, 300 өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған үй анықталды.

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұлан ауданының аумағындағы орналасқан көп балалы үйлерде тұратын  отбасын аралап, 218 улы газды анықтау қондырғыларын орнатты. Бұл іс-шара «абайла, улы газ!» ұранымен өткізілді.

Бұл ретте үй иелері елдегі тұрақтылық, азаматтарға көрсетіліп жатқан қамқорлық, көп балалы және аз қамтылған отбасылар туралы, олардың қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың туындауынан қорғау - осының барлығы әрбір жеке отбасының табысты болашағы мен әл-ауқатын көтерудің кепілі екенін айтып, қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді.

 

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі.