Таудағы іздестіру жұмыстары

Таудағы  іздестіру жұмыстары

2020 жылдың 3 қазанында сағат 18: 30-да МӨСБ-1 байланыс пунктіне "Газ шаруашылығы" ЖШС диспетчерінен Громотуха өзенінің маңында екі жасөспірімнің адасып, қалаға өз бетінше орала алмай жүргендері туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына 5 адамнан тұратын 1-МӨСБ бөлімшесі мен полиция бөлімінің жедел уәкілі шықты.

 Аталған орын қаладан 13 шақырым қашықтықта, таулы орманды жерде орналасқан. Кеш батып, түскен қараңғылық 18 жастағы екі жігітті іздеуді қиындатты. Құтқарушылар авариялық-құтқару көлігін мүмкіндігінше жақын қалдырып, таулы жерде жарқылдауық маяктарды қосып, дыбыс сигналдарын беріп, қараңғыда Громотуха өзенінің оң жағымен жүріп іздестіру жұмыстарын бастады. Шамамен 2 шақырымнан кейін сол жағалауда жасөспірімдер табылды. Бұл жерде балаларды өзеннің бергі бетіне өткізуге мүмкүндік болмай,  құтқарушылар су бөгеті бойымен өзеннен өтетін орын тапқанша, параллель қозғалуларына тура келді. Жігіттер іздестіру тобының көмегімен аман - есен өтіп, полиция қызметкеріне тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Кейін, балалар күндерін табиғатта керемет өткізу мақсатында, таңғы сағат 9-да жорыққа шығып, бірақ күздің қысқа күнінде қараңғылық ерте түсіп қайта қайту жолын таба алмай көмек сұрауға шешім қабылдағандары белгілі болды. Жасөспірімдер тауға баратындары жайлы және ондағы қозғалыстарын ешкімге  хабарламаған және өздерімен ешқандай дәрі-дәрмек тағы да басқа құралдарды алмаған.

 Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тауға барып серуендеу немесе демалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, өздеріңізбен  бірге шам, дәрі-дәрімек, азық-түлік, жылы киім алулырыңызды және жорық алдында туған-туысқандарыңызды ескертіп, төтенше жағдай туындығын жағдайда 112 телефоны бойынша құтқару қызметіне хабарлауларыңызды сурайды.

 

Риддер қ. ТЖБ