Тонналап өртенуде

Тонналап өртенуде

3 күн ішінде ғана Шығыс Қазақстан облысында шөп өртенген 6 оқиға болды. Өртенген жем-шөптің жалпы аумағы 74 тоннаны құрады. 2020 жылдың тамызынан бері шамамен 1400 тонна шөп өртенді.

         Абай ауданында тұрғын үйдің ауласындағы 7,5 тонна шөп, Катонқарағайда 12 тонна, Жармада 1,5тонна, Зайсанда 18 тонна шөп  және  Күршімде «Зил-130» көлігімен шөпті тасып келе жатқанда 2 тонна шөп пен 9 шаршы метрдегі көлік өртенген. 1959 жылғы қожайыны өрт сөндіру бөлімі келіп жеткенше өз бетімен өртті сөндірмек болды,нәтижеснде қолы термикалық күйіп қалды.

Жем-шөптің өртену себептері – тұрғындардың отпен абайсыз болуы.

ШҚО ТЖД ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшыларына тағы да еске салады:

  • Шөпті жинау орны жаңғыш қоқыстан тазалануы тиіс, мүмкіндігінше су көздерінің жанында орналасуы керек;
  • Мая шөп электр тарату сымдарынан 15 метрден кем емес, жолдардан 20 м қашықта, ғимараттар мен құрылыстардан 50 мер қашықта орнасуы тис;
  • шөпті қора-қопсының төбесіне, үйлерге жақын жинауға болмайды және жүру жолдарына үйілмеуі керек;
  • оттың үйлерге таралуының алдын алу үшін елдімекендер мен жеке тұрған қыстақтар маңайы жыртылуы тиіс.

Көбінесе өртке себепкер болуы мүмкін, бұл өскелең ұрпақтың өрт қаупсіздігі бойынша тәрбиенің тиімсіз жүруінің көрсеткіші. Мектеп, мектепкедейінгі мекеменің педагогикалық ұжымдары балалардың өрт қаупсіздігі ережелерін үйренуіне күш салуы тиіс. Балалар төтенше жағдайлар кезнде қауіпсіздік ережелерінде сауатты іс-қимылды үйренуі тиіс, өрт те соның бірі.

Өрт қаупсіздігін сақтаңыз және еңбегіңізді бағалаңыз. Өрт кезнде дереу 101 және 112-ге қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызмет