
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті халықты және аумақты қорғау басқармасының бастығы полковник Қасым Қайрат "Қалқан - 2025"КШЖ-ға дайындық бойынша азаматтық қорғау қызметтерімен және радиациялық химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен нұсқаулық кеңес өткізді.
Оқу-жаттығу шеңберінде барлық қызметтер мен ведомстволардың, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, жергілікті атқарушы органдардың радиациялық және химиялық авариялар нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын пысықтаудың маңыздылығы атап өтілді.