Өрт қауіпсіздігі саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістермен танысу

Өрт қауіпсіздігі саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістермен танысу

ШҚО ТЖД-де ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтың төрағалығымен архитектура-құрылыс бақылауы мен мемлекеттік сараптама өкілдерінің қатысуымен семинар-сабақ өткізілді. Онда азаматтық қорғау органдарының өрт қауіпсіздігі саласында қорытынды беру бойынша жаңа функциялары талқыланды.

Жуық арада төтенше жағдайлар қызметінің мамандары адамдар көп жиналатын нысандар мен биіктігі 28 метрден асатын тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі бойынша қорытынды беретін болады.

Осындай семинар-сабақтар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуіне ықпал етеді.