ТЖМ-не жұмыс істуге келіңіз!

ТЖМ-не жұмыс істуге келіңіз!

ШҚО ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау органдарына жұмысқа қабылдау бойынша үгіттік рейд өткізді.

 Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының ең танымал жағалауында өтті. Азаматтар демалыста болғанына қарамастан, кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының қызметкерлерін мұқият тыңдады. Олар жұмысқа орналасу шарттары туралы толық ақпарат берді. Әсіресе, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы мәселесіне ерекше тоқталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа саясаты аясында бүгінде тұрғын үйге төлемақы қарастырылғаны айтылды.

Демалушылар батыл әрі қызықты мамандық туралы тікелей өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өз аузынан естуге мүмкіндік алды. Олар да үгіттік шараға белсене қатысты.