Құтқарушылар қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер байқауының жеңімпаздарын анықтады

Құтқарушылар қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер байқауының жеңімпаздарын анықтады

ШҚО ТЖД АҚБ, ЗҚАжАҚББ және Өскемен қаласының ТЖБ құтқарушылары отпен күресуші кәсібінің ерекшелігі және өрт тақырыбына оқушылар арасындағы қолдна жасалған бұйымдар мен суреттер байқауының қорытындысын шығарды. Қазақстан Республикасының Құтқарушы күні алыс емес, сондықтан осы шара өте өзекті.

Өртке қарсы насихат және ТЖ қызметі жұмысын түсіну, өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту, және өрттердің алдын алуға бағытталған міндеттерді орындау, өрт туындаған кезде төтенше жағдайда балалардың іс-әрекет жасай білуін қалыптастыру шығармашылық байқаудың басты міндеті болды.

Барлығы балалардың 50-ден астам жұмысы ұсынылды. Балалар тырысып, әртүрлі материалдарды қолданумен өте қызықты суреттер дайындады: қарындаш, пастел, акварел, гуаш, әрлеуші материалдар, сонымен қатар қолдан жасалған бұйымдар, оның ішінде 3D модельдеу.

Қорытынды шығара отырып, өскемендік балалар отпен күресушілер және құтқарушылар кәсібін құрмет тұтады және құтқарушының оңай емес кәсібі мен өрт қауіпсіздігі туралы көп біледі деп айтуға болады, ал кейбіреуі сенімділікпен, болашақта төтенше жағдай қызметі қатарын толтырамыз деп айтты.

Байқау ұйымдастырушылары, үлкен болғанда, байқауға қатысушылар орманда сөнбей қалған алауды тастап кетпейді, сіріңкемен ойнап жүрген балалардың қасынан өтіп кетпейді және өз құрдастарына өрт қауіпсіздігі қағидаларын айтып береді деп сенеді. Ал тұтқиыл жағдайда зардап шеккенге көмек көрсете алады.

Әділ қазыларды балалардың байқауға аса ыждағаттылықпен дайындалғаны таңдандырды. Әрбір номинациядан жеңімпазды таңдау оңай болған жоқ. Модельдерді және қолдан жасалған заттарды, суреттерді бағалады.

Қорытынды бойынша бірнеше жұмыс байқау жеңімпаздары болды: қолдан жасалған зат байқауында Шахназар Қалиақперовтың ұшағы, Виктор Клиновицкийдің «На страже огня» бұйымы мен Мадияр Разбековпен жасалған модель ең жақсысы болды. Сурет  байқауында Сабина Жұмабекованың,  Егор Свиридовтың,  Саммит Крюковтың,  Валерия Грохолованың,  Алина Молоковскихтың, Павел Мартыновтың,  Полина Салагаеваның суреттері ерекше болып танылды.

Жеңімпаздар құтқарушылардан сыйлықтар алды.

 

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты