Безопасность в каждом Доме

Безопасность в каждом Доме

Күзгі суық күндер жақындап, артынан қысқы аяздар да алыс емес. Пештерді жылыту кезеңге дайындайтын бірден-бір уақыт келді, өйткені жөндеулі пеш Сіздің кез келген қолайсыз ауа-райындағы қауіпсіздігіңіз. Түтін шығатын каналдар жүйесін қалдықтардан тазалап, ақтап, сылау қажет. Осы үш нәрсе Сізге кез келген ауа-райында жақсы тартысқа кепілдік беріп, Сізді және  Сіздің жақындарыңызды улы газдан уланудан қорғайды. Сонымен қатар пештерді жөндеу және монтаждау кезінде жанғыш құрылыстарға дейінгі қашықтықты сақтау қажет. Пештерді тек қана жанбайтын негізге орнатып пештің алдында темір қаңылтыры болуы керек. Пештің жанында және пеш жағу үшін тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Барлық аталғандар қысқы кезеңдегі көп өрттердің себебіне айналады, олар Сізді, сіздің жақындарыңызды, көршілеріңізді және басқа адамдарды қыстың суық күндері үйсіз қалдыруы мүмкін.    

         Құрметті азаматтар! Қысқы кезеңдегі Сіздің қауіпсіздігіңіз ол жөндеулі пеш!

 

 

         Бесқарағай ауданының ТЖБ