
Қазақстан спорт шежіресіне Колганов Михаил аты алтын әріппен жазылған. Жеңіл атлетика бойынша халықаралық таптағы спорт шебері. 800 және 1500 метр қашықтықта жүгірудегі Шығыс азиялық ойындарының екі дүркін жеңімпазы (Жапония, Осака қаласы, 2001 жылы). 800 метр қашықтықта жүгіруде Азия жеңімпазы (Шри-Ланка, Коломбо қаласы, 2002 жылы). Әлем кубогының қатысушысы (Испания, Мадрид қаласы, 2002 жылы – 7 орын). Олимп ойындарының қатысушысы (Грекия, Афины қаласы, 2004 жылы). Бұл Михаил пікірі бойынша ең маңызды атақтары мен регалилері, дегенмен үйінде бір сөре орын ғана алмайтын, оның топтамасындағы медальдер, дипломдар мен мақтау грамоталары арасында түрлі деңгейлердегі жеңістер мен жетістіктерінің көптеген дәлелдерін табуға болады. Мында жақын және алыс шетелдердегі түрлі халықаралық сайыстарда жаулап алынған түрлі құндылықтағы көптеген медальдары, Азия ойындарының және 5-ке жуық Азия чемпионаттарының сертификаттары бар (Оңтүстік Корея, Бусан қаласы, 2002 жылы), онда тұғырға шыға алмай, одан бір қадамда тоқтап, тек 4-ші орын алған, Михаил пікірі бойынша бұл сәтсіздік! Риддер қаласының құрметті азаматы – әдетте бұл атақ қала алдындағы ерекше қызметі үшін зейнетке шығар алдында үлкен адамдарға беріледі. Михаил бұл тұрғыдан да ережеден тыс болып шықты, 23 жасында оның жетістіктері қала басшылығы мен депутаттарына таңылды. Михаил үйіндегі ерекше орынды құрметті грамоталар мен облыс, қала әкімдерінің алғыс хаттары, және әрине ең бағалысы Президент Н.А.Назарбаевтың алғысы алады.
2011 жылда астна және Алматы қалаларындағы 7-ші қысқы азия ойындарын өткізу кезінде, Олимптік от эстафетасына қатысып, Азиада отымен шамшырақты облыс орталығының көшелері бойынша алып өту құрметі, көптеген конкурстар мен іріктеулерден кейін Риддер қаласының жалғыз өкіліне, әрине Михаилға берілді.
Әлемнің күшті спортшыларымен күресте үлкен батылдық көрсете жнәе спорт табыстарына жете отырып, Михаил Қазақстан спортының дамуына, спортшылардың жас ұрпағының тәрбиесіне және шет елдерде отандық спортын лайықты көрсетуіне орасан зор практикалық үлесін тигізді.
Дәл спорт Михаилда жауынгер, рухы мен физикалық жағынан мықты адам мінезін қалыптастырды. Михаил Александрович өмір жолында кезіккен қиындықтарды күлімсіреп, басын көтере мақтанышпен кездестіруге үйренді.
Михаил 1 жыл «Сокол» қалалық стадионында директор болып жұмыс істеп, «Өрт сөндіру мен апаттық құтқару жұмыстарының қызметі» ММ өрт сөндіруші-құтқарушы қызметіне кетеді.
Халықаралық санаттағы спорт шеберлері, солардың ішінде Колганов Михаил ҚР ТЖМ Божко В.К. тапсырмасы бойынша министрлік абыройы мен имиджін көтеру үшін жұмысқа шақырылды.
Жаңадан жоғары құндылықты медальдар үшін күрес пен сайыстар болды, бірақ ескі жарақаттар өзін сөздіре бастады. Михаил Алесандрович қызмет кезінде бірнеше рет өрттерді жоюдға қатысты, соның өзінде ешқашан сөзшеңдік көрсетпеді, өйткені бұл жұмыс және оны біреу орындау қажет. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істей отырып, Михаил өрт сөндіру мен құтқару спортымен танысып, спортшылардың батырлығы мен шеберлігіне, спорт көрінісіне, әдемілігіне таң қалды. Мұндағы маңыздылық тек шеберлік пен техникалық орындауда емес, және тез жүгіруде де. Жұмыстан бос уақытта таяудағы мектеп балаларымен спортпен шынығып, балаларға өр сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы айтып, бейнежазбалар көрсетеді. Ал енді «Оқушылар үйі» КМҚК негізінде «Юный спасатель» үйірмесі жұмысын бастады, онда Михаил балаларды маңызды түсініктер – өртті жоюға қарағанда алдын алу артық екендігіне үйретуге тырысады.
Азаматтық қорғау құрылымындағы жұмыс уақытында Михаил бірнеше рет түрлі күрделікті өрттерді жоюға қатысты. Ең есте қалғандардың бірі – 2011 жылда риддер орман шаруашылығы аумағындағы орман өрті мен «Казцинкмаш» ЖШС аумағындағы 40 тонна қара майымен теміржол цистернасын сөндіру.
2016 жылдың қаңтарында М.А.Колганов Риддер қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөліміне қызметке көшті. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде астана қаласына EXPO-2017 объекттерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен бақылау үшін іс-сапарға жіберілді. Ішкі істер министрінің алғыс хатымен белгіленді.
Михаил түрлі деңгейдегі қызметтерде қызмет ету уақытында жиналған білім мен тәжірибесімен жас қызметкерлермен әрқашан бөлісуге дайын.
Қазіргі уақытта азаматтық қорғау капитаны М.А.Колганов Риддер қаласының төтенше жағдайлар бойынша Басқармасының зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау тобының бас маманы болып табылады.
Михаил қайда жұмыс істесе де, қандай да қойылған талаптарды орындауда да, өз елінің, қаласының отаншылы болып қалады. Сонымен қатар қамқоршыл күйеу, сүюші ұл, екі баланың әкесі және өте жақсы дос.
Риддер қ. ТЖБ