
Электр желілерінен пайда болған өрттердің негізгі себебі – ол қысқа тұйықталу, желідегі шамадан тыс жүктеме, мысалы, бірнеше электр желілерін қосқан кезде. Осындай жағдайлар орын алмау үшін электр желілерін жөндеулі жағдайда ұстау қажет, ал жануларды алдын алу үшін зауыттан шығарылған сақтандырғыштарды міндетті түрде қолдану керек.
Егер электр желісіне көп «білгіш» адамдар жасайтын қалың сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты қосса, онда ол қысқа тұйықталу кезінде еріп кетеді. Сондықтан, «қорғау» жұмыс істемейді де желі тоқтың астында қалады. Мұндай жағдайда сымдар еріп, ұшқын пайда болады да отқа айналады, ал от айналадағы жанғыш заттарға өтіп өртке айналады.
Сондықтан зауыт өндірушілерінің ғана сақтандырғыштарын қолдану керек. Қысқа тұйықталу электр желілерінде де болуы мүмкін. Сол үшін ол жөндеулі жағдайда боулы керек.
Электр сымдары мен желілерінің тозуынан 2020 жылғы 23 қыркүйекте Бесқарағай ауданының Ерназар ауылындағы тұрғын үйде қысқа тұйықталу болды, нәтижесінде тұрғын үйдің шатыры жанып кетті. «Семей орманы» РММ МОТР мен 35-ӨСБ күш пен құралдарының уақытында келуінің арқасында тұрғын үй құтқарылды.
Міне, сондықтан электр желілерін қараусыз қалдыруға, және оларды қарауға кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Аспаптарды жаңғыш заттарға, сонымен қатар перделер, ағаш қабырғалары мен басқа тез жанғыш құралдардың жанына қоюға болмайды.
Электр желісі жағынан өрттерді алдын алу және болдырмау мақсатында Сізден үйлеріңіздегі мүмкіндігіңізше барлық электр желілеріне назар аударып, ескіргендерін ауыстыруыңызды сұраймыз.
ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі