
Брифингте ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов суға түсу маусымы басталғалы облыста 4 адамның су айдындарында батып кеткенін,соның ішінде 2 -і жасөспірім болғаны,8 адамның құтқарылғаны,оның 4-і бала екеніндігін айтты.
Өңірде құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша, оның ішінде балалар демалыс лагерьлерінде кең ауқымды жұмыс жүргізуде. Департаментпен 32 құтқарушы-жасақшы оқытылды, 500-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бұқтырма су қоймасындағы Самар ауданында құтқару бекеті қойылды.
Су айдындарында қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 364 – бабы,412-бабы бойынша-9 адам, 582-бабы 1-бөлігі бойынша 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс бойынша жаппай демалуға арналған 25 учаске анықталды, 74 орынға шомылуға тыйым салынды. 29 орын - шағын көлемді кемелерде жүруге тыйым салынады.
ШҚО ТЖД құтқарушылары демалушыларды шомылу үшін тек жабдықталған орындарды таңдауға шақырады, өйткені қайғылы оқиғалардың барлық жағдайлары азаматтар қауіпті ағысы бар және түбі зерттелмеген бұрылыстары бар рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандықтан ғана орын алды. Суға жүзу құралдарымен шыққанда құтқару кеудешесін кию, қайықты, катамаранды шамадан тыс жүктемеу және қараңғыда және дауылды ескерту кезінде өзендер мен көлдерде болмау қажет.
Брифинг соңында құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігі туралы мастер-класс өткізді.