Өрт қауіпсіздігі айлығының нәтижелері

Өрт қауіпсіздігі айлығының нәтижелері

Біздің қаламыз бен қала маңындағы селолар арасында уландырғыш газ датчиктерін орнату бойынша кең көлемді жұмыс аяқталуда. Ескерте кетсек, «Казцинк» ЖШС, Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық әкімдік арасында ертерек үш жақтық меморандум жасалған болатын.  Оның мәні тұрғындардың әлеуметтік осал қабатын тұншықтырғыш газбен уланудан қорғау  мен адам өлімдерін алдын алу болып табылады.

2020 жылдың 21 тамызынан өрт қауіпсіздігінің айлығы басталды, яғни, азаматтық қорғау қызметкерлері күнделікті аула аралаулар жүргізіп, аула аралау барысында өрттерді  алдын алу алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары мен өрт қауіпсіздік шараларын халыққа оқыту бойынша жұмыстар өткізіледі. Соынемн қатар уландырғыш газ датчиктерін орнату жүргізілуде. Бастапқыда датчиктерді тек көпбалалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға орнату жоспарланды, бірақ «Казцинк» ЖШС арқасында одан көбірек сатып алынып, Поперечное және Бутаково селосы, Таловка, Гавань, Досааф  сияқты алыс аудандарды қамтамасыз етуге мүмкіндік пайда болды.  2019 жылдың қарашасынан жалпы 615 уландырғыш газ датчиктері орнатылды, олардың ішінде 109 датчик халықтың  әлеуметтік  осал қабатына орнатылды.  Жылыту маусымының басталуына дейін жеке тұрғын үйлерінде тұратын адамдар үшін 195 датчик орнатылу жоспарлануда.

Тұрғындар арасында өртке қарсы білімді насихаттау тек аула аралаулар кезінде ғана емес, сонымен қатар газеттердегі жарияланымдар, жергілікті теледидарда сөз сөйлеулер, бейнежазбалар көрсету ұйымдастырумен, сауда үйлерінде орнатылған жергілікті байланыс жүйелері бойынша дәрістер мен нұсқамалар өткізумен де жүзеге асырылып жатыр.

Инженерлік-инспекторлік құрам өрт қауіпсіздік деңгейін жоғарлатуға, Біздің қаламыздың тұрғын қорының өртке қарсы қорғауын бекітуге мүмкіндік беретін насихат жұмыстарын балабақшалар мен мектептерден бастап  өткізіп жатыр! 

 

Риддер қ. ТЖБ