
21.09.2020 ж. сағат 13:59-да 1-МӨСБ пультіне Нагорная көшесі бойынша шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына 2 автоцистернада 2 бөлімше шықты. Сол жерде жеке үйдің аумағында шамамен 4 тонна шөп жанып жатқаны анықталып, өртті сөндіруге 1 сағат уақыт кетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермей, өртті уақытында ауыздықтауға мүмкіндік туды. Отпен күресті қатты жел қиындатты, ал ыстық ауа-райында жақын жерде орналасқан шаруашылық құрылыстарына, тұрғын үйлерге және жақын жерде өтетін жоғары вольтты электр жеткізу желілеріне қауіп төнді. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда. Отты абайсызда қолдану кезінде немесе қасақана өртеді деген екі тұжырым бар.
Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғын үйлерде ірі жемшөптерді жинау үйлер мен ауладағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта қою керектігін еске салады. Ірі жемшөптерді көрсетілген қашықтықта жинау мүмкін болмаған кезде, жинау орны кемінде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз етілген жағдайда, қашықтықты 5 метрге дейін қысқартуға болады. Шөпті учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта, қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларында, электр беру желілерінің астында жинауға, сондай-ақ көшелерде, жолдарда, үй маңындағы учаскелерден тыс шөп маяларын, шөмелелерді, ірі жем-шөп маяларын орналастыруға тыйым салынады. Ірі жем-шөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлік құралымен жүзеге асырылады.Олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады. Ірі жемшөптерді тасымалдауға арналған көлік құралдары қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталады. Ірі жемшөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп жинау қажет.
Риддер қ. ТЖБ