Қауіпті жапқыш

Қауіпті жапқыш

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының құтқарушылары, пештегі от тек жылылық бермей, сонымен қатар өте қауіпті тұншықтырғыш газда шығарады. Оның не иісі, не түсі жоқ, сондай-ақ оттегіден тезірек (200 есе) қанға сіңіп, адам организмінде улану тудырып, тарап кетеді.

         Пеште тұншықтырғыш газ отынның толықтай жанбауынан пайда болады, ал үйге пештің жапқышын ертерек жауып тастағандықтан және түтіншыққыш арналарының бітеліп қалуынан, пештегі және түтіншыққыштағы сызаттар арқылы шығып кетеді. Тұншықтырғыш газ әртүрлі адамдарға әртүрлі әсер етеді. Ол ұйқы келтіреді, есінен тандырады, елестер пайда болады, тұншығады.

         Тұншықтырғыш газбен улануды болдырмау үшін, пештердің, түтіншыққыштардың жағдайын қадағалаңыз және оларды үнемі тазалаңыз. Пештегі тесіктер мен сызаттар үйге тұншықтырғыш газдың шығуына немесе өрттің себебі болуы мүмкін. Пеш жапқышын ағаш немесе көмір толықтай жанып бітпейінше жауып тастамаңыз. Егерде көрініп тұрған от жоқ болса, тексеру үшін көсеумен аударыстырыңыз. Әсіресе көмірдегі көкшіл оттың жалыны қауіпті болады. Пешті ұйқыға кеткенге дейін бірнеше сағат бұрын жағып бітіруге тырысыңыздар. Жанып бітпеген көмірмен жауып тастағаннан және уланып қалғаннан гөрі, біраз жылу шығып кетсе де, жапқышты ертерек жауып тастамаңыздар.

         Айта кетсек, пешпен жылытудан тұншықтырғыш газбен улану нәтижесінде адамдар өлімін азайту мақсатында, ҚР Өрт  қауіпсіздігі қағидаларының 8-тармағы 17-5-тармақшасына сәйкес «Пешпен жылытуды қолданған кезде болмайтындар»:  тесіктерді жобалау нормасында қарастырылмаған қозғалтқыштарды (жапқыштарды) қолдануға. Құрылыс ережесі талаптары бойынша қозғалтқыштарда диаметрі 15 мм кем емес тесік жасау қажет.

         Өскемен қаласы ТЖБ мамандары, өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық үшін жауапкершілік толығымен үй иелеріне жүктеледі. Заңға сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылыққа жол берген азаматтар «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабына сәйкес ескерту түрінде әкімшілік шараларға тартылады немесе 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

         Тұншықтырғыш газбен улану фактісі бойынша тексеру барысында, негізінен пештерді жайларды жылытусыз жаққаны, бұзылушылықтармен және дұрыс тартылусыз қолданғандығы анықталды. Бұл бұзушылықтар жайдың түтінденуіне және де тұрғындардың тұншықтырғыш газбен улануына әкеп соқтырады. Одан басқа, уланулардың жиі себебі қарапайым ұмытшақтық болып табылады – тұтынушылар түтіншыққыштағы жапқышты ашуды ұмытып кетеді, пешті уақытында тазаламайды, түтіншыққышта тартылыстың бар-жоғын тексермейді, балаларға пешті қарауды сеніп тапсырады.

         Өз немқұрайлылығынан тұншықтырғыш газбен улануды алғандар, алдын ала тазаланбаған түтіншыққыш, тікелей үй иелері авариялық және дұрыс емес жағдайдағы пештерді қолданғаны үшін  жауапкершілікте болады, өйткені көбінесе олармен балалар тұрады, ал олар олардың кінәсінен зардап шегеді. Тұншықтырғыш газбен улану салдары өте қорқынышты, сал болып қалуы, ішкі қан құйылу болуы, инсульт алуы, өліп қалуы мүмкін.

 

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты