
Семей қаласында Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары арасында өрт-құтқару спортынан жазғы Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындық аясында жолдастық кездесу өтті.
Жарыс штурм сатысымен көтерілу бойынша өткізілді. Жарысқа ерлер, қыздар және жасөспірімдер қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.
Қорытындылай келе, жолдастық кездесу спортшылардың жақсы нәтижелерін және жоғары физикалық дайындығын көрсетті.