Шығыс Қазақстанда жоғары санатты өрт қауіптілігі сақталады

Шығыс Қазақстанда жоғары санатты өрт қауіптілігі сақталады

Құрғақ, желді ауа-райы жағдайды ушықтырып және облыстың кей аудандарында құрғақ шөптердің өртенуі тоқтар емес. Басты себеп – халықтың отпен абайсыз болуы. Зайсан, жарма, Үржар мен Күршім аудандарында жергілікті билік оттың тарап кетпеуі үшін өрт сөндірушілерге көмекке жүгінді.

Ең ірі өрт Күршім ауданындағы Боран ауылдық округінде болды. Қатты жұлқи соққан жел отты жан-жаққа жылдам таратып жіберді. Ауада қоңырсыған иіс, қою түтін мен өрт ошағындағы жоғары температура  - осындай қиын жағдайда отпен 20 өрт сөндіруші, тұрғындардан 60 адам, орман шаруашылығынан 15 адам, тірек бекетінен 5 қызметкер және жергілікті биліктен 4 адам күресті. 6 автоцистерна жұмылдырылды. Таңға жуық қана өртті ауыздықтады, өрт 100 га даланы, 364 тонна оралған шөп мен шабындықтағы шөпті жалмап үлгерген. Ыстықтан қызарып, қара күйе болған  - барлық адамдар отты тоқтатты және оны елдімекенге таратуға жол берді.

Облыста соңны аптада 17 дала өрті болып, бұл ретте 365 га өрт шарпыды.

ШҚО ТЖД облыс тұрғындарынан өрт қауіпті маусымда, әсіресе желді және құрғақ күндері отпен абай болуды сұрайды. Жану ошағын байқасаңыз дере бұл туралы 101, 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.