Риддер қаласындағы ер адамды іздеу

Риддер қаласындағы ер адамды іздеу

2020 жылдың 16 қыркүйегінде «112» желісіне 1988 жылы туған азамат көмек сұрап хабарласты. Ол Риддер қаласынан 12 шақырымдағы Широкий Лог ауданына орманға демалуға барып, жағдайының күрт нашарлап, үйіне өздігінен қайта алмайтыны туралы хабарлаған.

         Іздеу жұмыстарына азаматтық қорғау органдарынан 6 адам және учаскелік полиция қызметкері жұмылдырылды.  

         Іздеу жұмыстары жүргізілген орын жетуі қиын жерде орналасқан еді, және зардап шегуші тұрған жерін нақты айта алмады. Құтқарушылар түні бойы жігітті іздеді, телефонмен хабарласып, ақпарат алуға тырысты. Жарық және дыбыстық белгілерді қосып, жоғалған жігітке белгі беррді. Шамамен таңғы 5-те жігіт есін жинап, дыбыстарды естіп  құтқарушыларға қарай бет алды. Ашық жерге шыққан кезде жылдам тауып алды. Жігіттің жағдайы қалыпты, медициналық көмекке мұқтаж болмады