ШҚО ТЖД метеорологиялық және қар көшкіні жағдайына, қар түрінде жауын-шашынның түсуіне және желдің күшеюіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін екендігін ескертеді. Көшкін қаупі 2022 жылғы14-17 наурыз аралығында сақталады.
Автожолдардың бойындағы мына 20 ошақ аса қауіпті болып табылады: «Өскемен – Самар», «Өскемен-Зырян», «Өскемен - Таулы Үлбі-Северное», «Катонқарағай – Согорное - Барлық (Печи)», «Катонқарағай-Рахман қайнары», Алтай ауданының «Зубовская» тауы.
ШҚО ТЖД мынаны ұсынады:
- маршрутқа шыққанда ауа райы болжамын ескеріңіз. Тауға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды;
- жалғыз және тәуліктің қараңғы уақытында жорыққа шықпаңыз. Маршрут пен жоспарлар туралы жақындарыңызға, құтқарушыларға міндетті түрде хабарлаңыз.
Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:
- жартастың, ағаштың артына тығылуға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;
- көшкінге түсіп, бетінде қалу үшін жүзу қозғалысын жасаңыз;
- қарға батқан кезде тізеңізді ішке қарай тартыңыз, көшкіннің тоқтауын күтіңіз, жоғарғы-төменгі жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз. \
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі