ШҚО ТЖД қолайсыз метеорологиялық жағдайға, желдің күшеюіне және температураның жоғарлауына байланысты (күндізгі уақытта), Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін екендігін ескертеді. Көшкін қаупі 2022 жылғы 10-13 наурыз аралығында сақталады. Автожолдардың бойындағы мына 20 ошақ аса қауіпті болып табылады: «Өскемен – Самар», «Өскемен-Зырян», «Өскемен - Таулы Үлбі-Северное», «Катонқарағай – Согорное - Барлық (Печи)», «Катонқарағай-Рахман қайнары», Алтай ауданының «Зубовская» тауы. ШҚО ТЖД мынаны ұсынады: - маршрутқа шыққанда ауа райы болжамын ескеріңіз. Тауға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды; - жалғыз және тәуліктің қараңғы уақытында жорыққа шықпаңыз. Маршрут пен жоспарлар туралы жақындарыңызға, құтқарушыларға міндетті түрде хабарлаңыз. Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек: - жартастың, ағаштың артына тығылуға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз; - көшкінге түсіп, бетінде қалу үшін жүзу қозғалысын жасаңыз; - қарға батқан кезде тізеңізді ішке қарай тартыңыз, көшкіннің тоқтауын күтіңіз, жоғарғы-төменгі жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі